Қытайлық этникалық қазақ Польша клубымен келісімшартқа отырады

Автор
Fonteam редактор
Автор
09.05.26, 05:00
Қытайлық этникалық қазақ Польша клубымен келісімшартқа отырады
Сурет: ашық дереккөздерден

22 жастағы вингер Талпын Есдәулет Польшаның Слупск қаласындағы «Гриф» клубының сапына қосылады, деп хабарлайды ASnews.kz.

Футболшының жаңа командасы елдің төртінші дивизионында өнер көрсетеді. ҚХР-дың Іле-Қазақ автономиялық облысының тумасы Қытай академияларында шыңдалып, бұған дейін жергілікті Суперлигада «Наньтун Чжиюнь» намысын қорғаған. Сондай-ақ, ол сербиялық «Рад» және ИМТ ұжымдарында бағын сынап көрді. 2026 жылдың басында Есдәулет словакиялық «Йеднота Банова» клубының қаралымында болған еді, бірақ жұмыс визасын рәсімдеудегі кедергілерге байланысты ресми келісім жасалмады.

Қазіргі таңда Талпын Еуропалық Одақта жұмыс істеуге рұқсат алды. Бұл оған «Грифпен» еңбек шартын еш кедергісіз жасасуға мүмкіндік береді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
21
2
Ордабасы
18
3
Оқжетпес
15
4
Ұлытау
14
5
Елімай
13
6
Астана
12
7
Жетісу
12
8
Қызылжар
11
9
Атырау
10
10
Ақтөбе
10
11
Жеңіс
10
12
Ертіс
6
13
Қайсар
6
14
Тобыл
5
15
Алтай
4
16
Каспий Ақтау
4