«Ойынға аздаған қауіппен қарап отырмын, бірақ үмітім үлкен. Футболшылар өткен матчтардан қорытынды шығарды және жауапкершілікті сезініп жүр деп сенемін. «Ертіс» лайықты қарсылық көрсетеді деп сенемін, ал матчта кем дегенде үш гол соғылады деп ойлаймын», – деді артист.
Еске сала кетейік, 9 мамыр күні ҚПЛ-дың тоғызыншы туры аясында «Тобыл» өз алаңында «Ертісті» қабылдайды. Қазіргі таңда алаң иелерінің қорғанысы чемпионаттағы ең нашар көрсеткішке ие (14 гол жіберген), ал қонақтар – лигадағы ең аз гол соғатын ұжымдардың бірі (сегіз гол).
Айта кетейік, бұған дейін блогер әрі орындаушы Алдияр Жапарханов павлодарлықтардың бас бапкері Кирилл Альшевскийді ашық сынға алған болатын. Белоруссиялық маман жаттықтыратын команда қатарынан бес ойын бойы жеңіліп келеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.