"Арсенал" ПСЖ клубының шабуылшысына қызығуда

Автор
Алихан Ибраев
Автор
08.05.26, 03:00
Sky Sport Germany басылымының хабарлауынша, «Арсенал» «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Брэдли Барколаны сатып алуға мүдделі болып отыр
"Арсенал" ПСЖ клубының шабуылшысына қызығуда
Сурет: ашық дереккөздерден

Sky Sport Germany басылымының хабарлауынша, «Арсенал» «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Брэдли Барколаны сатып алуға мүдделі болып отыр.

Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, «Арсенал» Барколаның айналасындағы жағдайды жіті бақылап, Франция құрамасының 23 жастағы ойыншысына қатысты барлық қажетті ақпаратты жинастырып жатыр. Бұған дейін «ПСЖ» футболшыға жаңа келісімшарт ұсынғаны, бірақ оның бұл ұсынысты қабылдамағаны хабарланған болатын. Қазіргі таңда келіссөздер әлі де жалғасуда.

Айта кетерлігі, «Арсеналдың» Барколаны іс жүзінде көруге жақында мүмкіндігі туады. Сенбі күні, 30 мамырда, Будапештте өтетін Чемпиондар лигасының финалында лондондық клуб «Пари Сен-Жерменмен» кездеседі. Париждік клуб қатарынан екінші жыл финалға шығып отырса, Лондон командасы соңғы 20 жылда алғаш рет ақтық мәреге жетті.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

08.05.26, 03:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11