Қазақстан құрамасының қорғаушысы жарақатынан айықты

Автор
Fonteam редактор
Автор
07.05.26, 04:00
Қазақстан құрамасы мен шымкенттік «Ордабасының» қорғаушысы Улар Жақсыбаев жалпы топтағы жаттығуға қайта оралды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы жарақатынан айықты
Сурет: ашық дереккөздерден

Қазақстан құрамасы мен шымкенттік «Ордабасының» қорғаушысы Улар Жақсыбаев жалпы топтағы жаттығуға қайта оралды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

«Улар Жақсыбаев команданың жалпы тобына қосылды. Бүгін ол командамен бірге толыққанды жаттығу өткізді», — деп жазды шымкенттік клуб Instagram парақшасында.

Жақсыбаев ауыр жарақатты (тізедегі айқас байламдарының үзілуі) 24 қыркүйекте Қазақстан Премьер-Лигасының кейінге шегерілген 9-туры аясындағы «Астанаға» қарсы матчта алған болатын. Қазан айында қорғаушының Германияда сәтті ота жасатқандығы хабарланған еді.

31 жастағы футболшы шымкенттік клубқа 2025 жылдың қаңтарында «Қызылжардан» ауысып келді. «Ордабасы» сапында ол 49 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Қазақстан құрамасы сапындағы дебютін қорғаушы 2024 жылы Ұлттар лигасында Аустрияға қарсы кездесуде (0:4) өткізді. Оның ұлттық құрамадағы соңғы ойыны 2025 жылдың күзінде әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінде Уэльске қарсы матчта (0:1) болды.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
21
2
Ордабасы
18
3
Оқжетпес
15
4
Ұлытау
14
5
Елімай
13
6
Астана
12
7
Жетісу
12
8
Қызылжар
11
9
Атырау
10
10
Ақтөбе
10
11
Жеңіс
10
12
Ертіс
6
13
Қайсар
6
14
Тобыл
5
15
Алтай
4
16
Каспий Ақтау
4