Жақын матчтар
«Арсенал» бірде-бір жеңіліссіз финалға шықты
Лондондық «Арсенал» УЕФА Чемпиондар лигасының финалына бірде-бір рет жеңілмей жетті.
Лондондық «Арсенал» УЕФА Чемпиондар лигасының финалына бірде-бір рет жеңілмей жетті. Турнирдің жартылай финалындағы қарымта матчта «зеңбірекшілер» мадридтік «Атлетиконы» 1:0 есебімен жеңді. Ал алғашқы ойында командалар 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.
Осылайша, Микель Артета шәкірттері турнир барысында 11 жеңіске жетіп, үш рет тең ойнап, бірде-бір рет жеңіліс таппады. Кездесу Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтті. Бас төреші қызметін Даниэль Зиберт атқарды.
Финалда лондондық клуб Мюнхеннің «Бавариясы» мен «Пари Сен-Жермен» арасындағы қарсыластықтың жеңімпазымен кездеседі.
2025/2026 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 30 мамыр күні Будапешт қаласындағы «Пушкаш Арена» стадионында өтеді. Турнирдің қазіргі жеңімпазы — «Пари Сен-Жермен».
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ