Испания Ла Лигасының 2025/2026 маусымындағы 34-тур матчы аяқталды. Бұл кездесуде «Эспаньол» мен мадридтік «Реал» ойнады. Ойын Барселонадағы «Корнелья-Эль Прат» стадионында өтті. Матч қонақтардың 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Мадрид клубының шабуылшысы Винисиус Жуниор 55-минутта есеп ашты. 66-минутта ол «Эспаньол» қақпасына екінші голын соқты.
34 турдан кейін каталониялық команда 39 ұпай жинап, турнирлік кестеде 13-орында тұр. Ал «Корольдік клубтың» еншісінде 77 ұпай бар, олар екінші орында келеді. Кестені 34 матчтан кейін 88 ұпаймен «Барселона» бастап тұр.
Келесі турда «Реал» 10 мамыр күні «Спотифай Камп Ноу» стадионында «Барселонамен» кездеседі, ал «Эспаньол» 9 мамырда «Севильямен» ойнайды.