"Интер" өз тарихында 21 рет Италия чемпионы атанды

Автор
Fonteam редактор
Автор
04.05.26, 05:00
Бұл миландықтар үшін соңғы алты жылдағы үшінші чемпиондық титул 
"Интер" өз тарихында 21 рет Италия чемпионы атанды
Сурет: ашық дереккөздерден

«Интер» Серия А-ның 35-туры аясында «Парма» командасын 2:0 есебімен жеңіп, Италия чемпионы атанды. Бұл — «нерадзурридің» тарихындағы 21-чемпиондық атақ.

Серия А-дағы чемпиондықтар саны бойынша «Интер» екінші орында тұр. Көш басында 36 титулы бар «Ювентус» келеді. «Миланның» еншісінде 19 чемпиондық болса, «Дженоада» — тоғыз, ал «Торино», «Болонья» және «Про Верчелли» командаларында жетіден титул бар.

Қазіргі таңда «Интер» Италия чемпионатының турнирлік кестесінде 82 ұпаймен көш бастап тұр. Маусымның қалған матчтарында Кристиан Киву шәкірттері 9 мамырда сырт алаңда «Лациомен», 17 мамырда өз алаңында «Веронамен» және 24 мамырда сырт алаңда «Болоньемен» кездеседі.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
18
2
Ордабасы
18
3
Оқжетпес
15
4
Ұлытау
14
5
Елімай
13
6
Астана
12
7
Жетісу
12
8
Қызылжар
11
9
Атырау
10
10
Ақтөбе
10
11
Жеңіс
10
12
Ертіс
6
13
Қайсар
6
14
Тобыл
5
15
Алтай
4
16
Каспий Ақтау
4