«Атырау» мен өскемендік «Алтай» Қазақстан Премьер-Лигасының сегізінші туры аясында кездесті.
Ойын «Түркістан Арена» стадионында өтті. Матчты тараздық төреші Сәкен Байымбет бастаған төрешілер бригадасы басқарды.
Командалардың бастапқы құрамдары: «Атырау»: Тохтаров, Калмуратов, Юденков, Сатанов, Ткаченко, Нойок, Джуматов, Рабиу, Абдулла, Девенс, Дорофеев;
«Алтай»: Коновалов, Шмидт, Кенжегулов, Мичевич, Одеоибо, Иванов, Джамбор, Назымханов, Дадаев, Попов, Митрофанов.
Ойын тең дәрежеде өтті. Бірінші таймда есепті «мұнайшылар» ашты — Энрике Девенс қақпашымен бетпе-бет шығып, мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Екінші таймда бастама қонақтар жағында болды, алайда олар гол соға алмады. 84-минутта Риливан Рабиу алаңнан қуылғанына қарамастан, алаң иелері жеңісті сақтап қалды — 1:0.
Осылайша, «Атыраудың» еншісінде 10 ұпай болып, турнир кестесінің ортасында тұр. Ал «Алтай» 4 ұпаймен төменгі аймақта қалып отыр.
«Атырау» — «Алтай» 1:0 (1:0)
Гол: Девенс 31 (1:0)
Қызыл қағаз: Рабиу 84.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.