Осы жылы «Ордабасы» президентінің көмекшісі ретінде қызмет еткен спорт журналисі Ермұхамед Мәулен «Петролул» сапында доп тепкен Абат Айымбетовтың болашағына қатысты пікір білдірді.
«Абаттың өзі Қазақстанға келгісі келмейді. Келгеннің өзінде тек «Ақтөбені» таңдайды. Оны ҚПЛ-дың біраз клубы шақырды. Олардың арасында «Қайрат» та бар.
Румыниядағы жалақы мөлшері Қазақстандағы кейбір клубтардан кем емес, бірақ шетелде ойнайды деген аты бар. Абаттың өзінің бір ойлағаны, арман-мақсаты бар шығар. Соңғы матчында гол соқты. Сондықтан жақын арада Қазақстанға келмейді. Мен Абатпен үнемі байланыстамын. Өйткені 17 жасында алғашқы голын соққан кезде мен одан сұхбат алған едім», – деді Мәулен «Бірінші бол» ютуб-арнасына берген сұхбатында.
Абат Айымбетов ақпар айының ортасында «Петролул» командасына ауысты. 24 наурызда ФКСБ-мен болған ойында гол соқты.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.