Ойын «Қарасай» стадионында өтті, кездесуге астаналық Саят Қарабаев бастаған төрешілер тобы қазылық етті.
Командалардың бастапқы құрамы келесідей болды:
«Қызылжар»: Челядник, Соколенко, Керімжанов, Козленко, Галабов, Пищевич, Краишник, Гомис, Мольдинов, Бугре, Бьорталид;
«Ордабасы»: Шайзада, Антич, Малый, Килама, С. Астанов, Капацина, Әмір, Аманович, Абагна, Натель, Э. Астанов.
Бірінші таймда қонақтар басымдыққа ие болып, айып добын орындау кезінде Демият Сламбеков өз қақпасына гол соғып алғаннан кейін есепте алға шықты. Үзілістен кейін алаң иелері ширақ қимылдап, есепті тез теңестірді — жеке дара шыққан Этьен Бугре мүмкіндікті мүлт жібермеді. Алайда кейінірек қорғаныстағы Сламбековтің кезекті қателігі Елхан Астановтың гол соғуына алып келді — 1:2.
Енді «Ордабасының» қоржынында 15 ұпай бар және ол турнирлік кестеде жеке дара көш бастап тұр, ал «Қызылжар» 11 ұпаймен көшбасшылар қатарына жақын.
«Қызылжар» — «Ордабасы» 1:2 (0:1)
Голдар:
Сламбеков автогол 34 (0:1)
Бугре 53 (1:1)
Э. Астанов 89 (1:2)
Алаңнан қуылды: Митков 90.