Бұған дейін каталондық клубтың аргентиналық ойыншыға қызығушылық танытып отырғаны хабарланған еді.
«Бұл — 1000% өтірік. Альварестің отбасы мүшелерінің ешқайсысы Барселонада болған жоқ. Соңғы рет олар «Атлетикоға» қарсы матч кезінде барған, бірақ келесі күні Мадридке қайтып кетті. Бұл — толықтай сандырақ», — деп Идальгоның сөзін Mundo Deportivo келтіреді.
Бұған дейін БАҚ Альварестің ағалары Кастельдефельс ауданындағы (онда Лионель Мессидің үйі бар) және «Камп Ноу» стадионы орналасқан Лес Кортс ауданындағы үйлерді қарағанын жазған болатын.