Ойын «Оқжетпес» стадионында өтті. Матчты Ақтөбеден келген бас төреші Саят Сүлейканов бастаған төрешілер бригадасы басқарды.
Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:
«Оқжетпес»: Лобанцев, Кузьмичев, Де Ассунсау, Лотоцкий, Мұқанов, Мұхаметханов, Бурибаев, Нұрымбет, Васильев, Жаңылышбай, Өміртаев;
«Қайсар»: Салайдин, Аскаров, Мохаммад, Идрисов, Тәжібай, Әбікен, Цуцкич, Эзекиель, Жұмат, Мозес, Мұхамед.
Ойын қожайындардың қысымымен басталғанымен, бірінші таймда есепті қонақтар ашты — Никола Цуцкич алыстан дәл соққы жасап, көзге түсті. Екінші таймда бастаманы қолға алған көкшетаулықтар бірнеше қауіпті сәттер жасап, 89-минутта есепті теңестірді. Команда капитаны Владислав Васильев алыстан соққы жасап, есепті 1:1-ге жеткізді.
Осылайша, «Қайсар» биылғы маусымда алғаш рет жеңіске жете алмады және бес ұпаймен турнирлік кестеде 13-орында тұр. Ал «Оқжетпес» 12 ұпаймен көшбасшылар қатарында келеді.
«Оқжетпес» — «Қайсар» 1:1 (0:1)
Голдар: Цуцкич 27 (0:1), Васильев 89 (1:1).