Испаниялық маманның «қалалықтармен» келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Бұған дейін БАҚ-та Гвардиоланың осы маусым аяқталған соң клубтан кетуі мүмкін екені айтылған еді.
Дереккөз мәліметінше, Виананың жұмысы барысында «Манчестер Ситидің» бас бапкері қызметіне негізгі үміткерлер ретінде «Баварияны» жаттықтырып жүрген Венсан Компани мен «Челсиді» басқарған Энцо Мареска қарастырылған.
Алайда «қалалықтар» Марескаға басымдық беріп отыр. Клубта 46 жастағы маманның тактикалық көзқарасы мен команданың ойын философиясын жақсы түсінетіні жоғары бағаланады. Сонымен қатар Маресканың «Челсимен» келісімшарттық міндеттемелері жоқ екені оның өкілдері тарапынан мәлім болған. Итальяндық маман 2022–2023 жылдары «Манчестер Ситиде» бапкердің көмекшісі қызметін атқарған.