Қазақстандық шабуылшы Абат Аймбетов өнер көрсететін «Петролул» Румыния чемпионатының төмендеу тобының алтыншы турындағы матчта сырт алаңда ФКСБ-ға есе жіберді.
Кездесу алаң иелерінің 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды. ФКСБ сапында Флорин Тэнасе (16-минут, пенальтиден), Октавиан Попеску (27-минут) және Дариус Олару (55-минут) гол соқты. Аймбетов ойынға 80-минутта қосалқы құрамнан шығып, 90-минутта есеп айырмасын қысқартқан голды енгізді. Бұл доп қазақстандық футболшының румын клубы сапындағы ресми матчтардағы алғашқы голы болды.
Осы матчтан кейін «Петролул» 23 ұпаймен турнирлік кестеде жетінші орында тұр. Ал ФКСБ 36 ұпай жинап, төмендеу тобының көшін бастап келеді.