Португалия грандтары Темірлан Анарбековты сатып алғысы келеді

Автор
Fonteam редактор
Автор
24.04.26, 15:24
Қазақстан құрамасы мен алматылық Қайрат клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков Спортинг пен Бенфика клубтарының қызығушылығына ілікті.
Португалия грандтары Темірлан Анарбековты сатып алғысы келеді
Темірлан Анарбеков. Фото: "Қайрат" ФК

UEFA Champions League іріктеуінің шешуші матчында Селтик клубына қарсы ойында (пенальти сериясындағы жеңіс — 3:2) Анарбеков серия кезінде үш соққыны қайтарып, «Қайраттың» сенсациялық түрде турнирдің негізгі кезеңіне шығуының басты кейіпкеріне айналды.

"Темірлан Анарбековке Лисабонның қос алпауыт клубы - «Спортинг» пен «Бенфика» ұсыныс дайындап отыр.

«Қайрат» қақпашысы үшін 2,5 млн Еуро беруге дайын көрінеді.

Португал ТОП-тары Темірге ЧЛ-дағы өнерінен кейін қызыққан", - делінген хабарламада.

Негізгі кезеңде қазақстандық қақпашы алты матчқа қатысып, 13 гол жіберіп алды және еуропалық футбол қауымдастығының назарын өзіне аударды. Анарбеков UEFA нұсқасы бойынша UEFA Champions League матчында үздік ойыншы атанған алғашқы қазақстандық болды.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
14
2
Ордабасы
12
3
Елімай
12
4
Қызылжар
11
5
Оқжетпес
11
6
Ұлытау
11
7
Астана
9
8
Жетісу
8
9
Атырау
7
10
Ақтөбе
7
11
Ертіс
6
12
Жеңіс
6
13
Қайсар
4
14
Алтай
3
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1