Винисиус Жуниор "Реалмен" келісімшартты созуға дайын

Автор
Fonteam редактор
Автор
23.04.26, 16:31
Мадридтік «Реалдың» қанат шабуылшысы Винисиус Жуниор клубпен жаңа ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша принциптік келісімге келді.
Винисиус Жуниор "Реалмен" келісімшартты созуға дайын
Винисиус Жуниор. Фото: "Реал" ФК

Тараптарға енді тек соңғы детальдарды реттеу ғана қалды. Бұл туралы Sky Sports журналисі Флориан Плеттенберг X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, Винисиуспен келісімшарт ұзартылғаннан кейін де «қаймақтылардың» шабуылшысы Килиан Мбаппе «Корольдік клубтағы» ең жоғары жалақы алатын футболшы болып қала береді.

Бұған дейін БАҚ-та Винисиустың қазіргі келісімшарт бойынша жылына 25 миллион еуро алатыны, ал Мбаппенің жалақысы 32 миллион еуроны құрайтыны хабарланған еді. Бразилиялық футболшының келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
26
2
Ордабасы
25
3
Оқжетпес
22
4
Астана
18
5
Ұлытау
18
6
Елімай
17
7
Ақтөбе
15
8
Атырау
13
9
Жетісу
13
10
Жеңіс
13
11
Қызылжар
12
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8