Кездесу Сэнди қаласындағы «Америка Ферст Филд» стадионында өтіп, қонақтардың 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
«Интер Майами» сапында голдарды уругвайлық шабуылшы Луис Суарес пен аргентиналық жартылай қорғаушы Родриго Де Пауль соқты. Ал «құтандардың» жұлдызды шабуылшысы Лионель Месси бұл кездесуде нәтижелі әрекет жасай алмады.
Осылайша, «Интер Майами» MLS-тағы жеңіліссіз сериясын жеті матчқа дейін ұзартты және қатарынан екінші рет жеңіске жетті. Ал «Реал Солт-Лейк» алты матчқа созылған жеңіліссіз сериясын тоқтатты.
Келесі ойында «Реал Солт-Лейк» 27 сәуір күні сырт алаңда «Лос-Анджелес Гэлаксимен» кездеседі. Ал «Интер Майами» 26 сәуірде өз алаңында «Нью-Инглэнд Революшнды» қабылдайды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.