«Ақтөбе» бапкері ҚПЛ-дағы логистика туралы: тек көзқарасымызды ғана өзгерте аламыз

Автор
Алихан Ибраев
Автор
22.04.26, 09:57
«Ақтөбе» бас бапкері Штефан Таркович ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ матчтары аясындағы қалалар арасындағы үлкен қашықтық пен ауыр жол жүру мәселелеріне қатысты пікір білдірді.
«Ақтөбе» бапкері ҚПЛ-дағы логистика туралы: тек көзқарасымызды ғана өзгерте аламыз
Сурет: ашық дереккөздерден

«Қазақстан, білуімше, әлемдегі ең үлкен тоғызыншы мемлекет. Және сіз мұны өзгерте алмайсыз. Әрине, логистика күрделі, әсіресе мұнда ойнауға келетін легионерлер бұған дайын болу керектігін түсінуі қажет, әйтпесе табысқа жету мүмкін емес.

Біз логистиканы өзгерте алмаймыз. Бірақ оған деген көзқарасымызды өзгерте аламыз. Осы сапарларға қалай көңіл-күйімізді баптап, қалай дайындалатынымызды өзгерте аламыз. Иә, бұл – проблема, бірақ екінші жағынан, барлық ойыншылар кәсіпқой және бұған бейімделе алады деп сенемін», – деп атап өтті словакиялық маман.

Еске салайық, ҚПЛ-дың алтыншы туры аясында «Ақтөбе» сырт алаңда елордалық «Жеңіске» 0:1 есебімен жол берді. Қазіргі таңда «ақ-қызылдардың» еншісінде жеті ұпай бар және олар турнир кестесінде оныншы орында тұр.

Айта кетейік, бұл Штефан Тарковичтің команда тізгініндегі алғашқы жеңілісі болды. Бұған дейін словакиялық маманның жетекшілігімен ақтөбеліктер чемпионат аясында «Ұлытаумен» тең түсіп, «Каспийді» жеңген болатын, сондай-ақ ел Кубогында «Арысты» тас-талқан етті.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

22.04.26, 09:57

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11