"Манчестер Юнайтед" бразилиялық жас шабуылшыға қызығушылық танытуда

Автор
Fonteam редактор
Автор
22.04.26, 08:29
«Манчестер Юнайтед» жақын күндері «Палмейрастың» 16 жастағы қаптал шабуылшысы Эдуардо Консейсаоны сатып алу үшін €40 млн көлемінде ұсыныс жасауға дайындалып жатыр. Бұл туралы UOL хабарлайды.
"Манчестер Юнайтед" бразилиялық жас шабуылшыға қызығушылық танытуда
Сурет: ашық дереккөздерден

Дереккөздің мәліметінше, «қызыл сойқандардан» бөлек, ойыншыға «ПСЖ», «Барселона», «Арсенал», «Челси», «Ливерпуль» және «Манчестер Сити» де қызығушылық танытуда. Сан-Паулу клубы вингердің трансферінен кем дегенде €50 млн табыс табуды көздейді.

Консейсао «Палмейрастан» тек 2027 жылдың желтоқсанында, 18 жасқа толған кезде ғана кете алады. Оның қазіргі келісімшарты 2029 жылдың соңына дейін жарамды. 16 жастағы шабуылшының келісімшартындағы босату сомасы €100 млнды құрайды.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
14
2
Ордабасы
12
3
Елімай
12
4
Қызылжар
11
5
Оқжетпес
11
6
Ұлытау
11
7
Астана
9
8
Жетісу
8
9
Атырау
7
10
Ақтөбе
7
11
Ертіс
6
12
Жеңіс
6
13
Қайсар
4
14
Алтай
3
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1