Англияның Лестер Сити клубы үшінші дивизионға түсіп қалды. Чемпионшиптің 44 турында «түлкілер» 42 ұпай жинап, турнирлік кестеде 23-орында тұр. Маусым аяқталуына екі тур қалды. 21-орында тұрған «Блэкберн Роверс» 44 матчта 49 ұпай еншілеген. Осылайша, «Лестер» лигада қалу мүмкіндігін математикалық тұрғыда жоғалтты.
Өткен маусымда «Лестер» Ағылшын Премьер-лигасы аясында өнер көрсеткен. Команда чемпионат қорытындысы бойынша 25 ұпай жинап, 18-орын алып, Чемпионшипке түсіп қалған еді.
Ақпан айында клубтан 2023/2024 маусымындағы қаржылық тұрақтылық пен табыстылық ережелерін бұзғаны үшін алты ұпай шегерілді.
2015/2016 маусымында «Лестер» Англия чемпионы атанған. Сол кезде Клаудио Раньери жаттықтырған команда 38 турда 81 ұпай жинап, ең жақын қарсыласы «Арсенал» клубынан 10 ұпайға озып кеткен.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.