Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының 1/4 финалында «Бавария» екі кездесудің қорытындысы бойынша мадридтік «Реалды» жолдан тайдырса, «ПСЖ» «Ливерпульді» жеңген болатын.
«Меніңше, «Баварияға» қорғаныста «Реалмен» өткен ойындарға қарағанда сәл ширағырақ қимылдау керек болады. «ПСЖ» мадридтіктерге қарағанда тиімдірек ойнай алады. Екі кездесуде де «Бавария» қорғаныста үлкен тәуекелге барды, «Реал» мұны екінші матчта бұдан да жақсырақ пайдалана алар еді. Егер олар бірнеше түзетулер енгізсе, «Баварияның» мүмкіндігі жақсы болады. Мен үшін бұл — жеңіске жету мүмкіндіктері тең матч. «ПСЖ» — қазіргі чемпион. Қазіргі бабына сүйенсек, «Бавария» мен «ПСЖ» — ең үздік екі команда деп есептеймін», — деп Кроостың сөзін Sky Sport Germany келтіреді.