«Диалогқа ашықпын»: «Оқжетпестің» жаңа директоры жанкүйерлерге үн қатты

Автор
Fonteam редактор
Автор
21.04.26, 10:14
Ербол Қайыров жанкүйерлермен ашық диалогқа дайын екенін мәлімдеді
«Диалогқа ашықпын»: «Оқжетпестің» жаңа директоры жанкүйерлерге үн қатты
Сурет: ашық дереккөздерден

«Оқжетпес» футбол клубының директоры Ербол Қайыров команда жанкүйерлеріне арнайы үндеу жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Клуб басшысы өз ұстанымын айқындап, жанкүйерлермен ашық диалог орнатуға дайын екенін жеткізді.

«Біз бәріміз бірлесе отырып, «Оқжетпес» футбол клубы мен Ақмола облысындағы футболдың дамуына жұмыс істеуіміз керек деп ойлаймын. Өңір футболының әлеуеті өте жоғары. Жанкүйерлермен және клуб жанашырларымен кездесіп, команда айналасындағы және ішкі мәселелерді талқылауды жоспарлап отырмын. Мен әрқашан диалогқа және серіктестікке ашықпын».

Соңғы ойынын «Оқжетпес» ҚПЛ-дің 6-турында өткізіп, сырт алаңда «Ордабасыға» 1:2 есебімен есе жіберді.

Қазіргі таңда команда турнирлік кестеде 11 ұпаймен 5-орында орналасқан.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8