Иван Ордец Нанидің «Ақтөбедегі» ойыны туралы пікір білдірді

Автор
Алихан Ибраев
Автор
21.04.26, 09:16
Қорғаушы жұлдызды командаласы жайлы ойын айтты.
Иван Ордец Нанидің «Ақтөбедегі» ойыны туралы пікір білдірді
Луиш Нани. Фото: "Ақтөбе" ФК

«Ақтөбе» капитаны Иван Ордец Sports24.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында қыста КПЛ клубына ауысқан португалиялық жартылай қорғаушы, «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Луиш Нанидің ойын формасы туралы пікір білдірді.

«Нани – үлкен есім, нағыз кәсіби футболшы және менің ойымша, әр ойында ол тек жақсара түседі», – деді Иван Ордец.

Айта кетейік, «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы футболшысы Луиш Нани 2026 жылдың қаңтарында «Ақтөбенің» қатарына қосылған болатын. Қазіргі уақытта ол қазақстандық клуб үшін жеті ойын өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Футболшымен келісімшарт 2026 жылғы маусым соңына дейін жасалған. Луиш Нани «Манчестер Юнайтед» құрамында 2007/2008 маусымынан бастап 2014/2015 жылға дейін ойнады. «Қызыл сойқандармен» бірге ол Чемпиондар лигасын, Англия чемпионатын төрт мәрте, Англия Суперкубогын және екі рет Англия лигасының кубогын жеңіп алған.

Айта кету керек, «Ақтөбе» биылғы КПЛ маусымын сәтсіз бастады. Өткен турда команда алтыншы тур аясында «Жеңіс» клубынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Ойыннан кейін Иван Ордец матчтағы төрешілердің жұмысына қатты сын айтты. Қазіргі таңда «Ақтөбе» жеті ұпаймен КПЛ турнир кестесінде оныншы орында тұр.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8