Испанияның Mundo Deportivo басылымы Реал Мадрид клубының Бенфика бас бапкері Жозе Моуринью қызметіне қызығушылық танытуы мүмкін екенін хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, мадридтік клуб маманды қайта шақыру нұсқасын шынымен қарастырған және тіпті онымен байланысқа шыққан. Алайда қазіргі таңда тараптар арасында нақты келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ екені атап өтіледі.
Айта кетілгендей, Моуринью диалогқа ашық және «Реал» басшылығы нақты қадам жасаса, ұсынысты қарастыруға дайын.
Сонымен қатар, клуб ішінде бұл кандидатураға қатысты ортақ пікір жоқ. Тіпті мадридтік клуб басшылығына жақын кейбір дереккөздер португалиялық маманның қайта оралу сценарийін мүлде жоққа шығарады.
Еске сала кетейік, Моуринью «Реалда» 2010–2013 жылдары жұмыс істеген.