Ойын «Қайсар Арена» стадионында өтті. Кездесуге Астанадан келген Марат Ысқақов бастаған төрешілер бригадасы қазылық етті.
Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:
«Қайсар»: Саладин, Аскаров, Мохаммад, Идрисов, Кенесбек, Әбікен, Цуцкич, Тәжибай, Джонс, Мозес, Мұхамед;
«Алтай»: Коновалов, Шмидт, Кенжегулов, Мичевич, Одеоибо, Иванов, Назымханов, Дадаев, Попов, Кукеев, Стойсавлевич.
Алаң иелері басымдыққа ие болып, қонақтар қорғанысқа көбірек мән берді. Есеп бірінші таймның соңына қарай ашылды: Әділет Кенесбек айып алаңына еніп, Иван Коноваловты алдап соқты. «Қасқырлар» бастаманы қолдан бермегенімен, 86-минутта Сэйф Поповтан гол жіберіп алды — 1:1.
Осылайша, «Қайсар» маусымдағы алғашқы жеңісіне жете алмай, төрт ұпаймен турнир кестесінде 13-орында тұр. Ал одан бір саты төмен орналасқан «Алтайдың» еншісінде үш ұпай бар.
«Қайсар» — «Алтай» 1:1 (1:0)
Голдар: Кенесбек 38 (1:0), Попов 86 (1:1).