Матч «Түркістан Арена» стадионында өтті. Кездесуді астаналық төреші Арман Исмуратов бастаған төрешілер бригадасы басқарды.
Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:
«Атырау»: Хаткевич, Қалмұратов, Хвалько, Юденков, Сатанов, Ткаченко, Нойок, Джуматов, Рабиу, Труфанов, Дорофеев;
«Қызылжар»: Челядник, Керімжанов, Козленко, Галабов, Пищевич, Краишник, Әділ, Гомис, Черединов, Бугре, Бьорталид.
Ойын бойы «Атырау» басымдық танытқанымен, гол соға алмады. Ал «Қызылжар» матчтың соңғы минуттарында көзге түсіп, жеңісті жұлып әкетті — 1:0.
Осылайша, «Қызылжардың» еншісінде 11 ұпай болса, «Атырауда» 7 ұпай қалды. Екі команда да турнир кестесінің ортасында орналасқан.
«Атырау» — «Қызылжар» 0:1 (0:0)
Гол: Мульдинов 90+3 (0:1).