Ойын «Металлург» стадионында өтті. Кездесуді астаналық төреші Георгий Чеховский бастаған төрешілер бригадасы басқарды.
Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:
«Ұлытау»: Непогодов, Кейлер, Бухал, Бугулов, Малиқайдар, Бугнон, Таубай, Киши, Харада, Анане Мартин, Смит;
«Тобыл»: Устименко, Асранкулов, Кавнич, Ндиайе, Марочкин, Вукчевич, Мякиш, Тағыберген, Жұмашев, Герра, Милованович.
Матчтың 7-минутында Марко Вукчевичтің соққысы Урош Миловановичке тиіп, рикошет арқылы Дмитро Непогодов қорғаған қақпаға кірді. Одан кейін бастама алаң иелеріне өтіп, бірінші тайм аяқталар алдында Давид Анане Мартин есепті теңестірді.
Екінші таймның басында Максим Мякиш айып алаңында Абзал Таубайды қағып, төреші пенальти белгіледі. Оны Ариагнер Смит сәтті орындап, «Ұлытауды» алға шығарды. 61-минутта Анане Мартин алаңнан қуылғанымен, бұл «Тобылға» көмектеспеді — 2:1.
Осылайша, «Ұлытау» 11 ұпаймен алғашқы бестікке енсе, «Тобыл» 2 ұпаймен турнир кестесінің соңына жақын орында қалды.
«Ұлытау» — «Тобыл» 2:1 (1:1)
Голдар: Милованович 7 (0:1), Анане Мартин 41 (1:1), Смит (пенальти) 50 (2:1)
Қызыл қағаз: Анане Мартин 61.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.