«Корольдік клуб» 20 жастағы футболшыны алдағы трансферлік терезелерде бақылауда ұстайтын ойыншылар тізіміне енгізді. Бұл туралы TuttoJuve хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, Манзамбиді көпшілік оның физикалық дайындығы, алаңның барлық бөлігінде ойнай алуы және шабуылдағы әлеуеті үшін әлем чемпионы Поль Погбамен салыстырады.
Ағымдағы маусымда Манзамби барлық турнирде 39 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Футболшының клубпен жасалған қазіргі келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес, оның нарықтық құны 35 миллион еуроны құрайды.