"Ордабасы" өз алаңында "Оқжетпестен" басым түсті

Автор
Алихан Ибраев
Автор
18.04.26, 17:28
Шымкенттік «Ордабасы» мен көкшетаулық «Оқжетпес» Қазақстан Премьер-Лигасының алтыншы туры аясында кездесті.
"Ордабасы" өз алаңында "Оқжетпестен" басым түсті
Сурет: ашық дереккөздерден

Ойын Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтті. Матчтың бас төрешісі оралдық Болат Сариев болды.

Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:

«Ордабасы»: Шайзада, Антич, Малый, Килама, Астанов, Амир, Аманович, Абагна, Натель, Астанов, Мораес;

«Оқжетпес»: Лобанцев, Кузьмичев, Де Ассунсау, Лотоцкий, Мұқанов, Мұхаметханов, Бурибаев, Нұрымбет, Васильев, Бородин, Өміртаев.

Командалар бірнеше қауіпті сәттер жасағанымен, бірінші таймда гол соғылған жоқ. Екінші таймда алаң иелері қысымды күшейтіп, бұрыштамадан кейін Сергей Малый баспен дәл соққы жасап, шымкенттіктерді алға шығарды. Ал 91-минутта Леонардо Де Ассунсау да баспен гол соғып, есепті теңестірді. Дегенмен, араға үш минут салып, Мағжан Тоқтыбай фаворит командаға жеңіс сыйлады — 2:1.

Енді «Ордабасының» еншісінде 12 ұпай бар және команда турнирлік кестеде үздік үштікте тұр. Ал «Оқжетпес» 11 ұпаймен төртінші орынға түсті.

«Ордабасы» — «Оқжетпес» 2:1 (0:0)

Голдар: Малый 65 (1:0), Де Ассунсау 90+1 (1:1), Тоқтыбай М. 90+4 (2:1).

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
11
2
Елімай
11
3
Оқжетпес
11
4
Ордабасы
9
5
Қызылжар
8
6
Астана
8
7
Ұлытау
8
8
Атырау
7
9
Ақтөбе
7
10
Ертіс
6
11
Жетісу
5
12
Қайсар
3
13
Жеңіс
3
14
Алтай
2
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1