Лига С аясындағы кездесу Гори қаласындағы «Тенгиз Бурджанадзе» стадионында өтіп, қазақстандықтардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. 11-минутта Карина Ольховик алаңнан қуылып, Беларусь құрамасы аз құрамда қалды, бұл ойынның әрі қарайғы барысына әсер етті.
Сан басымдығына қарамастан, Қазақстан құрамасы ұзақ уақыт бойы өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Дегенмен матчтың соңына қарай жеңісті жұлып алды. 84-минутта шешуші голды Қазына Норбаева соқты.
Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы 6 ұпай жинап, өз тобында екінші орынға көтерілді. Келесі ойынын команда 5 маусым күні сырт алаңда Армения құрамасына қарсы өткізеді. Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар өз алаңында Арменияны 3:0 есебімен сенімді түрде жеңген болатын.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.