Қазақстан әйелдер құрамасы Беларусьты тізе бүктірді

Автор
Алихан Ибраев
Автор
18.04.26, 14:53
Қазақстан әйелдер футбол құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Беларусь құрамасына қарсы матч өткізді.
Қазақстан әйелдер құрамасы Беларусьты тізе бүктірді
Сурет: ашық дереккөздерден

Лига С аясындағы кездесу Гори қаласындағы «Тенгиз Бурджанадзе» стадионында өтіп, қазақстандықтардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. 11-минутта Карина Ольховик алаңнан қуылып, Беларусь құрамасы аз құрамда қалды, бұл ойынның әрі қарайғы барысына әсер етті.

Сан басымдығына қарамастан, Қазақстан құрамасы ұзақ уақыт бойы өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Дегенмен матчтың соңына қарай жеңісті жұлып алды. 84-минутта шешуші голды Қазына Норбаева соқты.

Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы 6 ұпай жинап, өз тобында екінші орынға көтерілді. Келесі ойынын команда 5 маусым күні сырт алаңда Армения құрамасына қарсы өткізеді. Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар өз алаңында Арменияны 3:0 есебімен сенімді түрде жеңген болатын.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8