"Ақтөбе" бапкері Владимир Вайсспен ақылдасқанын айтты

Автор
Fonteam редактор
Автор
18.04.26, 09:20
«Ақтөбе» бас бапкері Штефан Таркович ASnews.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық клубқа тағайындалуының егжей-тегжейін айтты.
"Ақтөбе" бапкері Владимир Вайсспен ақылдасқанын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден

«Ақтөбеден» ұсыныс наурыз айының соңында түсті. Келісімшартқа отыру үрдісі өте жылдам өтті: есімде қалуынша, біз бейсенбі күні кешке хабарластық, ал келесі сейсенбіде мен Астанада командамен бірге болдым. Ұсынылған жоба мені барынша қызықтырды, сондықтан шешім өте тез қабылданды.

Әрине, келер алдында мен Қазақстанда жұмыс істеген бапкерлер мен адамдардан жергілікті футбол мен мұндағы жағдай туралы сұрап білдім. Владимир Вайсс сондай адамдардың бірі болды. Біз доспыз деп айта аламын, оның үстіне мен оның ұлын Словакия ұлттық құрамасында жаттықтырдым, сондықтан біз футбол туралы көп сөйлестік. Оның мені «Ақтөбе» басшылығына ұсынған-ұсынбағанын нақты білмеймін, өйткені менде мұндай ақпарат жоқ.

Бірақ ол «Қайратта» ең жоғары деңгейде тамаша жұмыс атқарды. Вайстың мінезі мықты, оның мансабында қандай нәтижелерге қол жеткізгенін бәріміз көріп отырмыз. Ол өзіне көрсетіліп жатқан құрметке әбден лайық», – деп атап өтті словакиялық маман.

Тарковичтің жетекшілігімен «Ақтөбе» үш матч өткізді: ҚПЛ-да «Ұлытаумен» тең түсіп, «Каспийді» жеңді, ал Қазақстан Кубогының 1/16 финалында сырт алаңда «Арысты» ірі есеппен тізе бүктірді (4:0).

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
11
2
Елімай
11
3
Оқжетпес
11
4
Ордабасы
9
5
Қызылжар
8
6
Астана
8
7
Ұлытау
8
8
Атырау
7
9
Ақтөбе
7
10
Ертіс
6
11
Жетісу
5
12
Қайсар
3
13
Жеңіс
3
14
Алтай
2
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1