Бұл туралы команданың ресми сайтына сілтеме жасаған баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұл қадам Мессидің Барселонамен тығыз байланысын және оның Каталониядағы спорт пен жергілікті таланттарды дамытуға деген адалдығын растайды. Бұл байланыс оның «Барселона» сапында ойнаған жылдары қалыптасып, бүгінге дейін сақталып келеді», — делінген «Корнелья» мәлімдемесінде.
Каталониялық команда 1500 көрерменге арналған «Nou Camp Municipal» стадионында ойнайды. Клуб 1951 жылы құрылған.
2023 жылдан бері Месси америкалық «Интер Майами» клубының намысын қорғап келеді.