Жақын матчтар
«Ақтөбе» жаңа маусымға бас бапкерін анықтады
«Ақтөбе» футбол клубы бас бапкер Игорь Черевченкомен келісімшарт мерзімін ұзартқанын ресми түрде жариялады.
Ресейлік-тәжікстандық маман «ақ-қызылдардың» тізгініндегі жұмысын жалғастырып, желтоқсан айында командамен бірге маусымалды оқу-жаттығу жиындарында келесі маусымға дайындықты бастайды. Черевченко «Ақтөбені» 2026 жылдың шілдесінде қабылдап, чемпионат қорытындысы бойынша 49 ұпай жинап, клубты ҚПЛ турнирлік кестесінде бесінші орынға дейін жеткізді.
Еске сала кетейік, Қазақстанға келгенге дейін Игорь Черевченко душанбелік «Истиклолды», сондай-ақ мәскеулік «Локомотив», «Балтика» және тулалық «Арсенал» сынды бірқатар ресейлік клубтарды жаттықтырған. Оның бапкерлік қоржынында «Истиклолмен» Тәжікстанның үш дүркін чемпиондық атағы және «Локомотив» тізгінінде Ресей кубогындағы жеңісі бар.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ