Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы
Ресми серіктестік · 2026/27 маусымы «Fonteam» ақпарат агенттігі «Барыс» ХК серіктесі атанды hcbarys.kz

Жақын матчтар

Роналду «Реалдың» қатысуымен қоштасу матчын өткізуі мүмкін

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтағанымен, жанкүйерлер аты аңызға айналған футболшыны алаңнан тағы бір мәрте көруі мүмкін.

Fonteam редактор
Автор ·
3 минут оқу
Роналду «Реалдың» қатысуымен қоштасу матчын өткізуі мүмкін
Криштиану Роналду / Фото: © Yasser Bakhsh / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

The Athletic басылымының мәліметінше, 41 жастағы шабуылшының айналасында онымен қоштасудың екі түрлі нұсқасы талқыланып жатыр. Соның біріне мадридтік «Реал» қатысуы ықтимал.

Алғашқы жоспар Португалия құрамасына қатысты. Роналду ұлттық командадағы өнерін аяқтағанын жариялағанына қарамастан, елде оның құрметіне арнайы қоштасу матчын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Екінші нұсқа футболшының клубтық мансабымен байланысты. Бұл жолы Криштиану әр жылдары өнер көрсеткен командалардың қатысуымен бөлек кездесу өткізу көзделген. Ықтимал қатысушылар қатарында португалиялық шабуылшы ең үлкен жетістіктеріне қол жеткізген мадридтік «Реал» да аталады.

Дегенмен әзірге бұл бастамалар жоспар күйінде қалып отыр. Қоштасу матчының өтетін күні, орны мен оған қатысатын командалар ресми түрде нақтыланбаған.

Роналду «Реалда» тоғыз жыл ойнады

Айта кетейік, Роналду 2009–2018 жылдары «Реалдың» намысын қорғады. Тоғыз маусым ішінде 438 ресми матч өткізіп, 451 гол соққан португалиялық футболшы мадридтік клуб тарихындағы үздік сұрмерген атанды.

Осы кезеңде Криштиану «Реалмен» бірге төрт мәрте Чемпиондар лигасын жеңіп, екі рет Испания чемпионы болды. Жалпы мадридтік команда сапында 16 трофей иеленді.

Дәл Мадридте Роналду өз дәуірінің үздік футболшыларының бірі ретіндегі мәртебесін біржола бекітті. Сондықтан испаниялық алпауыттың қоштасу кездесуіне қатысуы футболшының өзі үшін де, жанкүйерлер үшін де айрықша мәнге ие болмақ.

«Реалдан» бөлек, шабуылшы әр жылдары лиссабондық «Спортинг», ағылшындық «Манчестер Юнайтед» және туриндік «Ювентус» клубтарында ойнады. Қазір ол Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасында мансабын жалғастырып жүр.

Алайда The Athletic ықтимал қоштасу шарасына «Реалдан» өзге қандай клубтар қатысуы мүмкін екенін әзірге нақтыламаған.

5 қарашада Криштиану әлеуметтік желіде әсерлі бейнеүндеу жариялап, Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген болатын.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.