Жақын матчтар
Венсан Компани «Бавариядағы» жұмысына қайта оралады
Мюнхендік «Баварияның» бас бапкері Венсан Компани денсаулығына қатысты мәселелерден кейін жаттықтырушылар орнына қайта оралады. Мамандығы бойынша бапкер алдағы Бундеслигадағы «Кёльнге» қарсы матчта команданы басқаратынын растады.
40 жастағы бельгиялық маман 19 қарашада баспасөз мәслихатын өткізіп, денсаулығы туралы айтты. Компани қазіргі кезде денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ екенін жеткізді. Сондай-ақ ол бастапқыда өз жағдайына жеткілікті мән бермегенін мойындады.
«Мен жай ғана ауырып қалдым, бәлкім, ағзамның белгісіне жеткілікті құлақ аспаған шығармын. Мұны жеңіл-желпі нәрсе етіп көрсеткім келмейді, бұл шынымен де есеңгіретіп жіберді. Қазір денсаулығымның жақсы екенін айтуым керек. Көптеген тексеруден өттік, нәтижесінің бәрі жақсы болды», - деді бапкер.
Өткен оқиға жайлы
Компани 23 қазанда «Баварияның» екінші командасының жаттығуы кезінде есінен танып қалды. Оны ауруханаға жеткізген дәрігерлер ми қабықтарының тітіркенуі диагнозын қойды. Алты күннен кейін маман ауруханадан шықты. Құлаған кезде ол иығын да жарақаттап алып, кейін оған ота жасалды.
Бельгиялық маман сауығып жатқанда, бас бапкердің міндетін оның көмекшісі Аарон Дэнкс атқарды. Оның жетекшілігімен мюнхендіктер бес матч өткізіп, төрт рет жеңіске жетті және бір рет тең түсті.
Компани оралғаннан кейінгі алғашқы матчын 20 қарашада «Кёльнге» қарсы өткізеді. Астана уақытымен ойын 21 қарашаға қараған түні 00:30-да басталады.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ