Жақын матчтар
"Барыс" америкалық қақпашымен қош айтысты
«Барыс» америкалық қақпашы Хантер Шепардпен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылғанын хабарлайды.
Қақпашы осы жазда елордалық клубтың құрамына қосылған болатын. ҚХЛ-дың биылғы тұрақты чемпионатында ол 13 матч өткізіп, сенімділік коэффициенті 3,37-ні құрады. Сондай-ақ шайбалардың 87,5 пайызын қайтарды.
"«Барыс» хоккейшіге атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тілейді!", – делінген клубтың сайтында.
Америкалық қақпашының орнына астаналық ұжым "Трактор" қақпашысы Дмитрий Николаевты өз қатарына қосты.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ