Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы
Ресми серіктестік · 2026/27 маусымы «Fonteam» ақпарат агенттігі «Барыс» ХК серіктесі атанды hcbarys.kz

Жақын матчтар

"Ақтөбе" өз капитанымен қоштасуды жөн көрді

«Ақтөбе» футбол клубы 33 жастағы қазақстандық қорғаушы әрі команда капитаны Бағдат Қайыровпен ресми түрде қоштасты.

Алихан Ибраев
Автор ·
1 минут оқу
"Ақтөбе" өз капитанымен қоштасуды жөн көрді
Бағдат Қайыров. Фото: "Ақтөбе" ФК

Қайыров – «Ақтөбе» футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын Бірінші лигада өнер көрсеткен ақтаулық «Каспий» сапында бастап, 2016 жылы туған клубына алғаш рет қайта оралды. Кейінірек қорғаушы «Қайсар», «Ордабасы» және «Тобыл» клубтарының намысын қорғап, 2024 жылы «ақ-қызылдардың» қатарын қайта толықтырған болатын.

Жалпы алғанда, Қайыров «Ақтөбе» жейдесінде 160 ресми матч өткізді. Өткен маусымда капитан команда сапында сегіз ойынға қатысты. Сонымен қатар 2021 жылы дебют жасаған Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 21 кездесу өткізген.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.