Еске салайық, 9 сәуірде каталондық клуб командалар арасындағы алғашқы ойында (2:0) «Атлетико» жеңіске жеткен матчтағы арбитрлер жұмысына да шағымданған болатын.
«Клубтың пікірінше, екі матчта да ойын ережелеріне сәйкес келмейтін бірнеше төрешілік шешімдер қабылданды. Бұл ережелердің дұрыс қолданылмауы мен маңызды сәттерде VAR жүйесінің тиісті түрде араласпауынан болды.
“Барселона” ФК-ның ойынша, осы қателіктердің жиынтығы матчтардың өту барысына және қорытынды нәтижеге тікелей әсер етіп, клубқа айтарлықтай спорттық әрі қаржылық зиян келтірді.
Осы шағымда клуб бұған дейін УЕФА-ға жолданған талаптарды қайталап, сонымен қатар төрешілік жүйені жетілдіру мақсатында ұйыммен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдіреді. Бұл ойын ережелерін неғұрлым қатаң, әділ әрі ашық қолдануды қамтамасыз ету үшін қажет», — делінген «көк-қызылдардың» мәлімдемесінде.