Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Жеңісті Роналдуға арнағымыз келді»: Португалия қорғаушысы Диаш Даниядан жеңілгені жайлы

Португалия Криштиану Роналдусыз өткізген алғашқы матчында Данияға ойсырай жеңілген болатын.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
2 минут оқу
«Жеңісті Роналдуға арнағымыз келді»: Португалия қорғаушысы Диаш Даниядан жеңілгені жайлы
фото: Getty Images

Португалия құрамасы мен «Манчестер Сити» клубының қорғаушысы Рубен Диаш УЕФА Ұлттар лигасының 5-туры аясында Даниядан ірі есеппен (1:4) жеңілгеннен кейін ойын туралы пікір білдірді.

«Біз үшін сәтсіз күн болды. Соған қарамастан, әлі де топта бірінші орындамыз. Бұл орынға жету үшін көп күш жұмсадық. Алайда бүгін қарсылас бізден жақсы ойнады. Біз жұмысты жалғастырып, күшейе түсуіміз керек.

Нені түзету қажет? Допқа иелік еткен кезде қажетті тепе-теңдікті сақтай алмадық. Соның салдарынан қарсылас өзін алаңда еркін сезінді. Сонымен қатар голдар матчтың шешуші сәттерінде соғылды. Пенальтидің белгіленуі күтпеген жағдай болды. Одан кейін біз ойын қарқынын үдетіп, гол соғуға жақын қалған сәтте қарсылас тағы бір гол соқты. Біз бұдан да жақсы ойнауымыз керек.

Роналду туралы айтсақ, бұл оның кім екенін ескерсек, шағын ғана құрмет белгісі. Дегенмен дәл қазір осындай қадамға баруды маңызды деп санадық. Ол тұтас бір ұрпаққа және бүкіл елге зор ықпал етті. Біз оған әрдайым жылулықпен, сүйіспеншілікпен және құрметпен қараймыз», – деді Рубен.

Қорғаушы бар күшін келесі матчта жұмсайтынын жеткізді:

«Роналдудың жоқтығы жеңілісті ауырлата түсті ме? Біз жеңісті Криштиануға және барша португалиялықтарға арнағымыз келді. Енді жұмысымызды жалғастырып, Уэльске қарсы матчта жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз», – деп келтіреді Диаштың сөзін A Bola.

Бұл кездесу Криштиану Роналдудың ұлттық құрамадан кететінін жариялағаннан кейін Португалия үшін алғашқы ойын болды.

Топтық кезеңнің бес турынан кейін Португалия құрамасы 12 ұпай жинап, 4-топтың турнирлік кестесінде бірінші орында келеді. Ал Дания тоғыз ұпаймен екінші сатыда орналасқан.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz