Жақын матчтар
Роналдиньо үлкен футболға не себепті оралғанын ашып айтты
Бразилиялық аңыз ойыншы кәсіби мансабын 11 жыл бұрын аяқтаған болатын.
Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдиньо кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін араға бірнеше жыл салып, футбол алаңына қайта оралуына не себеп болғанын айтты.
«Мұның бәрі «Равенна» клубының президенті Игнацио Чиприанимен достығымызға және болашаққа құрған жоспарларымызға байланысты. Мен өмірімде ерекше әрі қайталанбас сәтті бастан өткергім келеді. Бұл күн басқа ойыншылар үшін де ерекше болады деп үміттенемін.
Мансабымды аяқтаған соң, өткеніме көз жүгіртіп, қол жеткізгім келген барлық жетістікке жеткенімді түсіндім. Қазір футбол алаңына қайта оралып, ойнауға мүмкіндік туды. Бұдан ерекше ләззат алып жүрмін. Сонымен қатар жанкүйерлерге ұмытылмас күн сыйлағым келеді. Бұл жаңа шытырман оқиғаны үлкен қуанышпен бастаймын», – деп келтіреді Роналдиньоның сөзін Football Italia.
46 жастағы бразилиялық футболшының «Равенна» сапындағы дебюті Италияның С сериясы аясында өтетін «Форлиге» қарсы матчта болады деп күтілуде.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ