Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Қазақстан ұлттық құрамасы кезекті ойында жеңіліс тапты

Ұлттар лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Кишиневте Молдова командасынан 1:2 есебімен жеңіліс тапты.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
2 минут оқу
Қазақстан ұлттық құрамасы кезекті ойында жеңіліс тапты
ҚФФ

Кездесу алаң иелерінің белсенді қысымымен басталды, алайда капитан Нұралы Әліп бастаған қазақстандықтардың қорғанысы 38-минутқа дейін шабуылдарға сәтті төтеп берді.

Есепті алаң иелері ашты

Ойындағы есепті молдовалық құраманың шабуылшысы Петру Попеску ашты – форвард алыстан бағыттаған соққысымен допты дәл «тоғыздыққа» тоғытып, Стас Покатиловқа еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Үзіліске дейін Джон ван'т Схип шәкірттерінде бір ғана аса қауіпті сәт туындады: Ислам Чесноков қақпашымен бетпе-бет шыққанымен, өз мүмкіндігін жүзеге асыра алмады.

Екінші таймды Қазақстан жақсы бастады

Кездесудің екінші жартысында қазақстандықтар қарсыластың қорғанысын бұзып өтуге тырысып, әлдеқайда белсенді ойнай бастады. Осындай талпыныстардың бірі сәтті аяқталды – Чесноков алыс қашықтықтан әдемі соққы жасап, таразы басын теңестіріп, мүлт кеткен сәтінің қателігін жуып-шайды. Дегенмен, қонақтар тең есепті сақтап қала алмады. 77-минутта Никита Моцпанның әуелете берген добын сәтті түйіндеген Попеску дубль авторы атанды.

Бес турдың қорытындысы бойынша еншісінде екі ұпайы бар Қазақстан құрамасы С3 тобындағы соңғы, төртінші орында қалды. Жеті ұпай жинаған Молдова командасы екінші орынға көтерілді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz