Жақын матчтар
«Ордабасы» украиналық жұлдызды қатарына қосу үшін үлкен қаржы жұмсаған
Шымкенттік «Ордабасы» Украина құрамасының вингері Алексей Гуцулякпен келісімшартқа отыру үшін еуропалық клубтардың ұсыныстарынан асып түсті.
28 жастағы футболшы Қазақстан чемпиондарымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды, алайда бұл трансфері үшін өз отанында жұртшылық тарапынан қатаң сынға ұшырады.
Футболшының нарықты құны - 3 млн еуро
Сенімді дереккөздерден белгілі болғандай, ойыншының еркін агент мәртебесіне қарамастан, футболшы тарапына түрлі төлемдер, оның ішінде сыйақы, көтермеақы және агенттік ақы тиесілі. Беделді германиялық Transfermarkt порталының бағалауына сәйкес, бұл қаражат көлемі екі жылдың ішінде Гуцуляктың нарықтағы құнының үштен бір бөлігіне дейін жетуі мүмкін.
Алексей Гуцуляк – «Карпаты» футбол мектебінің түлегі. Бұған дейін ол украиналық «Карпаты», «Десна», «Днепр-1» және «Полесье» командаларында өнер көрсеткен. Сондай-ақ 2016 жылы вингер испаниялық «Вильярреал» құрылымында болды. Ойыншы Украина ұлттық құрамасы сапында 2024 жылы дебют жасап, 16 матчта алты гол соқты.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ