Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Жасұлан Әмір – Молдоваға қарсы ойын жайлы: чемпиондықты тойламадық, бар ойымыз осы ойында

Бүгін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында кезекті матчын өткізеді.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
Жасұлан Әмір – Молдоваға қарсы ойын жайлы: чемпиондықты тойламадық, бар ойымыз осы ойында
Жасұлан Әмір. Фото: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы мен шымкенттік «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмір ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Ұлттар лигасы аясындағы Молдовамен өтетін кездесуден не күтетінін айтты.

«Түркістандағы оқу-жаттығу жиынын жақсы өткізіп, кеше түнде Молдоваға жеттік. Ертеңгі ойынға толықтай дайынбыз. Алаңда барымызды салып, тек жеңіс үшін ойнаймыз. Алдыңғы сәтсіздіктерден кейін психологиялық тұрғыда қиын болады деп ойлаған едік, бірақ қазір бар назарымыз алдағы матчта. Әлі де екінші орын алуға мүмкіндігіміз бар. Қалған екі ойында жүз пайыз күшімізді салып, алты ұпай алуға тырысамыз», – деді Әмір.

Сондай-ақ футболшы ұлттық құрамадағы бейімделу процесі мен клубтағы жеңісі туралы сөз қозғады.

«Құрама сапына «Ордабасыдан» үш ойыншы келіп қосылдық. Чемпиондықты тойлап та үлгермедік, бірден осында келдік. Ал менің құрамадағы бейімделуіме келсек, жігіттердің барлығы, әсіресе Темірлан Ерланов, Бауыржан Исламхан және Нұралы Әліп көп көмектесіп жатыр», – деп қорытындылады сөзін жартылай қорғаушы.

Еске сала кетейік, Молдова мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч 13 қарашада Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады. Бұл кездесу алдында Қазақстан құрамасы C3 тобында екі ұпаймен соңғы орында келеді.

Өткен маусымда Жасұлан Әмір «Ордабасы» сапында Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогын жеңіп алды – шымкенттік клуб өз тарихында алғаш рет «алтын дубль» жасады.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz