Жақын матчтар
"Жеңіске жетуге міндеттіміз": Джон Ван'т Шкипп
Бүгін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында кезекті матчын өткізеді.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван 'т Шкип матч алдындағы баспасөз мәслихатында Ұлттар лигасы аясында Молдоваға қарсы өтетін сырт алаңдағы ойынға дайындық барысы туралы айтып, құрамға қатысты шешімдерін түсіндірді:
«Оқу-жаттығу жиынын 5 қарашада Қазақстан чемпионатындағы маусымды ертерек аяқтаған футболшылармен бастадық – алдымен оларға екі-үш күн демалыс бердік. Кейінірек қатарымызға «Ордабасы» мен «Қайрат» ойыншылары қосылды, ал ең соңында легионерлер келді. Кишиневте дәл осындай төсеніште ойнайтындықтан, табиғи газонда жаттығу үшін Астанадан Түркістанға ауыстық.
Бізді өте маңызды әрі қиын матч күтіп тұр – жеңіс екі командаға да қажет. Қазір бар назарымыз Молдоваға ауған. Бұл ойында біз міндетті түрде үш ұпай алуымыз керек. Астанада молдовалықтар жақсы футбол көрсетті, ал біз бұрыштамадан гол соққанымызбен, кейбір сәттерде ойын ырғағынан шығып қалдық. Ертең есе қайтаруымыз қажет», – деді маман.
Нидерландтық бапкер команданың физикалық жағдайына да баға беріп, Қазақстан құрамасымен жұмыс істеудің қаншалықты қиын болатынын әу бастан түсінгенін мойындады.
«Әрине, команданы тізгіндеген кезде оңай болмайтынын білдім – құраманың тарихы мұнда жеңіл міндеттер болмайтынын көрсетіп отыр.
Футболшыларымыздың бабына келсек, біз тамаша дайындық өткіздік. Легионерлер кешірек келгенімен, барлығы жақсы қалыпта. Бір-екі ойыншы аздап сырқаттанып қалған еді, бірақ қазір олардың жағдайы толықтай жақсарды. Жоспарланған жұмыс көлемін толық орындадық. Алда тағы бір жаттығу бар, содан кейін ойынға шығатын құрамды түпкілікті анықтаймыз».
Сондай-ақ Ван 'т Шкип ұлттық құрамаға шабуылшы Айбар Жақсылықов пен жартылай қорғаушы Алмас Төлебайды шақыру туралы шешімін жеке түсіндірді.
«Неліктен Жақсылықов? Рамазан Кәрімов жарақат алды, ал Артур Шушеначевке ота жасалды. Бұл матчтарда оларға сенім арта алмадық, сондықтан таңдау Айбарға түсті.
Төлебайға келетін болсақ, біз оны көптен бері бақылап жүрміз, ол жеткілікті деңгейде матч өткізді. Бұл басқа стильдегі тірек жартылай қорғаушы – жасырақ әрі күш-қуаты мол. Бізге бұл позицияда физикалық қуат пен балама нұсқалар қажет, сондықтан оны командаға жақынырақ тартып, қалай бейімделетінін көргіміз келді. Ол үшін бұл тамаша тәжірибе, бәлкім, алаңға шығып, ойын уақытын да алып қалар. Бұл ойыншының болашағы зор», – деп түйіндеді құрама бапкері.
Еске сала кетейік, Ұлттар лигасының бесінші туры аясындағы Молдова мен Қазақстан арасындағы матч 13 қарашада Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтеді және Астана уақытымен 22:00-де басталады. Бұл кездесу алдында Джон ван 'т Шкип шәкірттері екі ұпаймен C3 тобының кестесін түйіндеп тұр. С дивизионындағы орнын сақтап қалу мүмкіндігінен айырылмау үшін қазақстандықтарға тек жеңіс қажет – Астанада өткен бірінші айналымдағы ойында молдовалықтар басым түскен болатын (2:1).
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ