Жақын матчтар
"Ордабасыда" жаңа спорт директоры тағайындалады
Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны әрі «Академия Оңтүстіктің» бас бапкері Азат Нұрғалиев шымкенттік «Ордабасының» спорттық директоры қызметіне тағайындалуға жақын.
ASnews.kz ақпаратына сәйкес, Қайрат Әшірбеков команда құрылымында басқа қызметке ауысады немесе клубтан мүлдем кетеді деп күтілуде.
Өткен маусымда Нұрғалиевтың жетекшілігімен «Оңтүстік» академиясы сапалы футбол көрсетіп, бірінші лига көшбасшыларына лайықты қарсылық таныта білді.
Еске сала кетейік, футболшы ретінде Нұрғалиев өзінің туған командасы «Ордабасыдан» бөлек, «Тобыл», «Жетісу», «Сұңқар» және «Астана» сапында өнер көрсеткен. Ұлттық құрама жейдесінде ол 44 матч өткізіп, үш гол соқты және екі нәтижелі пас берді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ