Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Оңай болмайды»: Фабио Каннаваро Ресей құрамасын жоғары бағалады

Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро Ресей құрамасымен өтетін жолдастық кездесуге қатысты пікір білдірді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Оңай болмайды»: Фабио Каннаваро Ресей құрамасын жоғары бағалады
Фабио Каннаваро

Итальяндық маман қарсыластың ойын мәнерін жоғары бағалап, алдағы матч өз командасы үшін жақсы сынақ болатынын айтты.

«Мен Ресей құрамасының ойыншыларын да, команданың өзін де жақсы білемін. Осы уақыт ішінде олардың көптеген кездесуін көрдік. Бұл – шынымен мықты команда. Өйткені олар біртұтас ұжым ретінде ойнайды. Бас бапкері Валерий Карпинді де танимын, ол кезінде өте жақсы футболшы болған. Ресей құрамасының ойын жүйесі қалыптасқан. Олар ширақ қимылдайды, алаңда жинақы ойнап, бірлесе әрекет етеді. Бізге оңай болмайды. Дегенмен әр команданың өз артықшылығы мен осал тұстары бар. Біз мұның бәрін ойыншыларымызға бейнежазбалар арқылы көрсетіп жатырмыз.

Мен үздік командаларға қарсы ойнағанды ұнатамын. Ресей құрамасымен кездесу біз үшін маңызды. Бұл – өз деңгейімізді тексеруге жақсы мүмкіндік әрі ойыншыларымыз үшін құнды тәжірибе», – деді Каннаваро баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, ФИФА рейтингінде Ресей құрамасы 35-орында, ал Өзбекстан құрамасы 59-сатыда тұр. Екі команда тарихта екінші рет кездеседі. Алғашқы матч 2022 жылғы қарашада Ташкентте өтіп, 0:0 есебімен аяқталған.

Ресей мен Өзбекстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 12 қарашада Ташкенттегі «Пахтакор» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz