Жақын матчтар
Рауль испандық клубтың бас бапкері атанды
Мадридтік "Реалдың" әйгілі шабуылшысы Рауль Гонсалес испаниялық "Овьедо" командасын жаттықтыратын болды.
Клубтың баспасөз қызметі жаңа бас бапкердің ресми таныстырылымға дейін мәлімдеме жасамайтынын хабарлады.
Раульдің "Овьедо" тізгініндегі алғашқы кездесуі 15 қарашаға жоспарланған. Сол күні команда өз алаңындағы "Карлос Тартьере" стадионында "Жиронаны" қабылдайды.
Қазір "Овьедо" Сегунда турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр. Команда 13 матчта 21 ұпай жинаған.
Осыған дейін Рауль "Реал" академияларында қызмет етті
Рауль жаттықтырушылық қызметін 2018 жылы мадридтік клубтың құрылымында бастады. Ал 2020 жылы "Реалдың" жасөспірімдер командасымен УЕФА Жастар лигасының жеңімпазы атанды.
Бұдан бөлек, маман алты маусым бойы "Кастильяны" басқарған.
Рауль футболдық мансабының басым бөлігін "Реалда" өткізді. Ол мадридтік команданың намысын 15 жылдан астам уақыт қорғады.
Кейін шабуылшы германиялық "Шальке", катарлық "Әл-Садд" және америкалық "Нью-Йорк Космос" клубтарында өнер көрсетті. Футболшылық мансабын 2015 жылы аяқтады.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ