Бұл туралы Opta Analyst хабарлады.
16 сәуірдегі жағдай бойынша Opta нұсқасы бойынша Чемпиондар лигасын жеңіп алу мүмкіндіктері:
Англияның «Арсенал» клубы — 38,6%;
Германияның «Бавария» клубы — 33,3%;
Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы — 19,1%;
Испанияның «Атлетико» Мадрид клубы — 9%.
2025/2026 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалында «ПСЖ» «Бавариямен» кездессе, «Атлетико» «Арсеналмен» ойнайды. Алғашқы матчтар 2026 жылдың 28 және 29 сәуірінде өтеді. Қарымта кездесулер 5 және 6 мамырға жоспарланған. Турнир финалы 30 мамыр күні Венгрия астанасы Будапештте өтеді.