Жақын матчтар
ҚПЛ клубтары «Ториноның» бұрынғы шабуылшысына қызығушылық танытуда
Беларустік «Минск» клубының орталық шабуылшысы Матар Дьейе мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін.
ASnews.kz ақпаратына сәйкес, 28 жастағы сенегалдық шабуылшы ҚПЛ-дың бірнеше командасының назарын аударды. Беларусь жоғары лигасының 25-туры аясында «Ислочьке» қарсы өткен ойында (2:4) дубль авторы атанғаннан кейін, футболшының өкілдеріне тиісті ұсыныстар түскен. Оның болашағына қатысты шешім келесі айда қабылданады деп күтілуде.
Айта кетейік, Матар Дьейе «Минск» сапына биылғы жылдың мамыр айында қосылған болатын. Бұған дейін ол италиялық «Торино», мажарстандық «Дебрецен» және финляндиялық КуПС клубтарында өнер көрсеткен. Биылғы маусымда ойыншы барлық турнирлерде 17 матч өткізіп, алты гол соқты және үш нәтижелі пас берді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ